Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

33-ші Қара пайым-сөз: Абайдың сөзін бұрмалау қазақты апатқа алып келді

Абай шын мәнінде ғұлама. Ол кісі Алланың надан қазаққа берген үлкен сыйы. Бірақ қағазға үңілсе миы ауырып кететін қазақ, оның даналықтарын өзі оқығанша, біреуден естігенін тәуір көреді. 1992 жылы 1 қаңтардан бастап қазақ халқы нарықтық экономикаға көшкенде, бір оқымысты қазақ: «Абай атамыз есектің артын жусаң да мал тап» деген, давайте, жаппай мал табуға кірісіңдер» деп ұран тастады. Содан қазақ атойлап іске кірісіп кетті. Мен Абайдың «қара (пайым) сөздерін» ғибрат үшін де, зерттеу үшін де кезек-кезегімен асықпай оқимын. Ұлы Абай қазақ халқының өсіп-өркендеуінің төте жолы деп Құран мен Хадисті таңдап, терең талдау жасайды. Оны діннен хабары жоқ бүгінгі зерттеушілер түсінбегендіктен «секіріп аттап» өтіп кетіп жүр. Ұлы Абай «Есектің артын жусаң да мал тап» деп тікелей мағынасында емес, «мал тапсаң – адал еңбегіңмен тап» деп жанама мағынасында айтқан. «Адал еңбегіңмен мал тап» деген сөз тасада қалып қалғандықтан, қазір қазақтың бәрі «арам жолмен» (парақорлық – коррупцияның тікелей атауы, бопсалау – рэкэт, алдап-арбау т.б.) мал табуға құнығып кеткені соншалық, қазір ақша үшін есіктің артын емес, өзінің Отанын да, өзінің тесігі кішкене көтенін да ойланбай сатып жіберетін халге жетті. Тек ақша тапса болғаны... Бұл ұлтымызды апатқа апаратын төте жол. Жетім мен жесірдің ақысын жеу, мемлекеттің ақшасына құнығу т.б. – мемлекетіміздің шаңырағын бүгін болмаса, ертең ортасына түсіреді. Ол тек уақыттың ісі... Бұған тоқтау айтқанмен, оны тыңдап жатқан ешкім жоқ. Бірақ тоқтамасақ, ертең елдігімізден айырылып, біржолата жойыламыз. Тек сол кезде есімізді жиып, ел болуды ойлағанда, «тегін келген» бүгін егемендігіміз бен тәуелсіздігімізді қадірлемегеніміз үшін қызыл қанға боялып, қойдай қырылып орнатуға тура келеді. Онда да Алла қолдаса орната аламыз... Мен айттым да қойдым, қалғанын өздеріңіз біліңіздер...