Ойларым менің ойларым, сендер түйдектеліп-бүктетіліп, біріңмен-бірің жарыса шауып, мына жарық дүниеге не сөз болып айтылуға, не сөйлем болып жазылуға ұмтылғанда, миым жарылып кете жаздайды. Ойлар деген сол «очередке» тұрып, кезекпен келуді білмейді. Ой деген жабайы болмыс, ешнәрсеге бағынуды білмейді. Жақсы ойыңды «шап» беріп дер кезінде ұстап қалсаң бағың, айтып болған соң, не жазып болған соң жаның жадырайды. Ал енді ойыңды ұстай алмай қалсаң «қандай ой келіп еді-ай құрғыр» деп тағы да ойланып жүресің. Осылайша ойдан-ой туып, өмір көші керуен сияқты көше береді екен. Енді қартайған шағымда «ойларыңды да, түстерің сияқты ұмытып қалмай, қағазға жазып отырыңдар, кейін пайдаға асады» деп жастарға ақыл айтқым келеді...
35-ші Қара пайым-сөз: Адамның ойы деген әлемдегі ең сұмдық нәрсе, ол не тас жарады, не бас жарады
26 июля 202026 июл 2020
1
~1 мин