Күллі әлемде қанша қазақ бар екенін бір Алла біледі, біреулер 15, ал енді біреулер 20 миллион дейді: https://en.wikipedia.org/wiki/Kazakhs. Қазіргі әлемде екі Корея бар, солтүстігіндегісі (120540 шаршы км., 25,549,604 адам бар) күллі әлемді ядролық қаруымен «дірілдетсе», оңтүстігіндесі (100363 шаршы км., 51,709,098 адам бар) электрондық технологиясымен «дүрілдетіп» отыр. Екі кәріс елі осыдан 70 жыл бұрын бірін-бірі қан жоса қылып қырып салған. Бірақ тез ес жиып, етегін жауып, өркениетті елге айналып үлгерді, әсіресе, анау оңтүстік жақтағысы. Олардың дамып кетуінің жалғыз себебі – еңбекқорлығы. Мысалы, тек Қарағанды облысының аумағы (427,982 шаршы км.) осы екі мемлекеттің аумағынан екі есе үлкен. Осы облыстың ішіндегі жәй әкімшілік бөлік болып есептелетін Ұлытау ауданының аумағы (122,900 шаршы км.) осы екі мемлекеттің қай-қайсынан да аумағы үлкен болып шығады. Бұлардан басқа Қазақстанның 4 облысының (Ақтөбе 300,629 ш.км., Алматы 223,560 ш.км., ШҚО 283,226 ш.км., Қызылорда 226 019 ш.км.) жері екі Кореяның бірге қосылған жер көлемінен үлкен. Жалпы Қазақстанның жер көлемі (2,724,902 шаршы км.) Солтүстік Кореядан 22,6058 есе, Оңтүстік Кореядан 27,1505 есе үлкен. Неткен ғажайып үлкен елміз, бірақ мынау сорлы, мұның бәрін тәптіштеп неге жазып отыр деп түсінбей отырған шығарсыз?! Айтайын дегенім, мақтанатын түгіміз де жоқ, «қазақпыз» деп кеуде ұрғаннан басқа қолымыздан «боқ» та келмейді. Ия, сіз, «текке жазғырма, біз қиыншылықты көп көрдік, жазықсыз миллиондап қырылдық» деп ақталарсыз. Ал енді миыңыздағы фонарикті жағып, күнтізбеге қараңызшы. Айтып отырғаныңыздың бәрі бұдан 100 жыл шамасы бұрын өтіп кеткен. Жүз жыл бойы «боқ» шайнап жүрдік, той-думанмен соңғы 30 жылды тағы босқа өткіздік, қатал тарих біздің бұл нақұрыстығымызды әрі қарай кешіре береді деп ойласаңыз қатты қателесіз. Құдайдың қазаққа «адам болып кетер» деген үмітпен бөлген уақыты бітуге таяды. Қит етсе, бәленің бәрін Назарбаевқа жабудан шаршамаймыз. Не ол кісі сіздерге жалқау бол деді ме, әлде сіздерді еңбекке баулу үшін ол кісі алдарыңызда би билеп, ән салып, өнер көрсетуі керек пе еді?! Арам ойламаңыздар, мен Назарбаевтың ешкімі де емеспін, күйіп кеткесін айтып отырмын...
47-ші Қара пайым-сөз: Біз ойлағандай қазақтың саны емес, сапасы аз...
1 минута
28 июля 2020