Найти тему
ИМАН ЖӘНЕ ЗАМАН

46-шы Қара пайым-сөз: Солтүстіктің шұғыласындай шағылысқан сұңғыла өмір-ай, неткен сұмдық едің...

Бүгін БҚО (Орал), Тасқала ауданының тұрғыны Серік Қафизов деген қазақтың, өз жары Жадыра мен 8 жасар Айша және 6 жасар Инабат атты екі бүлдіршін қызын өлтіріп, қылмысын жасыру үшін оларды үйімен қосып өртеп жібергендерін ғаламтордан оқып, денем түршігіп, маңдайымнан мұздай тер шығып отыр. Имандары жолдас болсын деп айтуға әлім жоқ. Егер «ойбай, бұл не сұмдық, оу-у-у, қазақтар біздерге не болды?» деп зарлай жөнелсем, онда мен бұл жайдың қайғы-қасіретін жүрегімен ұқпаған, тек жай әупілдеп үрген төбет иттен еш артықшылығым жоқ хайуан болар едім. Сотта «оларды байқамай өлтіріп қойдым» деп мұрнының астынан міңгірлеп ақталып тұрған тас жүрек әкелерін енді түрмеде шіріттің не, атып тастадың не, одан не пайда?! Алла-ай десейші, анау «Айша, Инабат» деген есімдерін айтсаңшы екі бүлдіршіннің, қандай керемет есімдер, кім біледі, ол екі періштенің көрер жарықтары болғанда, екеуін Әбілқайыр мен Әбубәкір ұлдарыма келін қылып алып беріп, немерелерімді сүйіп отырар ме едім деп есім ауып ойланып отыр екенмін, есімді жисам...