Бәйшешек гүлі туралы естуіңіз бар ма? Ерте көктемде тау баурайында бірінші гүлдеп, ерте солатын гүл. Қазір өзін бойжеткен сезініп жүрген жасөспірім сіңлілерімді, бозбалалыққа жетпей, серілік құрып жүрген бала жүзді інілерімді көргенде еске осы бәйшешек еріксіз оралады.
Уақыты келмей жатып бар ынта - жігерін өзін үлкен көрсетуге жұмсап жүрген жас жалын. Сол жалының ұзаққа жетсе екен дейсің. Өмірдің бар қызығын бірден көре салғысы келетін әсемпаздығы біраз жерге апарар - ау. Бірақ бірағы тағы бар. Бәрі бірдей жарқ - жұрқ етіп, ерте жастан жұлдыз болғысы келеді. Бәрінің назары өзінде, құбыласы осының аяғында болғанын қалайды.
Құдай көзіне салған шоғы отқа айналып, лапылдап - ақ тұр ғой қазір. Ал ертең не болмақ? Бүкіл жалынын бүгін жұмсап, шоғы сөніп күлге айналып та үлгереді - ау сол жалын.
Бұл жай бір догма болып қалса да, жарайды ғой. Сол бәйшешектей ерте гүлдеген жастардың ерте солып та үлгергеніне мысал да жетерлік қой.
Жаңа жыл сайынғы көзайымымыз "Один до