The New York Times басылымының авторлары Jessia Ma мен Sahil Chinoy АҚШ Конгресі мүшелерінің осы мансапқа дейінгі өмір жолын сараптаған. Нәтижесінде технологиялық тұрғыдан да, журналистік тұрғыдан да тартымды әрі қызықты контент шыққан. Авторлар алдымен конгрестегілердің барлығына ортақ өмір кезеңдерін төбе ретінде белгілеген. Олар: оқуы, жұмысы немесе кәсібі, әскер, т.б. Сосын әрбір конгресcменнің өмір жолындағы төбелерді қосып шығады. Демократтарды көкпен, республикашыларды қызылмен сызады. Мысалы, конгресмен David N Cicilline конгреске дейінгі өмір жолын қарайық: Ол колледж бітіргеннен кейін заңгерлік оқиды. Адвокаттық практикадан кейін жергілікті билік органында жұмыс істейді. Одан кейін қоғамдық заңгер болып, сосын - штаттың заң шығарушы органында жұмыс істейді. Конгреске осы жерден барған. Бірақ бұл жалғыз конгрессмен әрине, қызық емес. Ал егер барлық конгрессменді сызып шықсақ, біз демократтар мен республикашылардың жолында әлдебір заңдылықтар байқаймыз: Қарап тұрсақ, жалпы жа