Өткен лоңридтен соң, BigData жөнінде көп сұрақ қойылды. Ол сұрақтардың жөні бар. Себебі BigData тақырыбын журналистикаға байланысты зерттеп жүрген адамға - интернетке қатысты BigData-аналитика туралы материалдар шыға береді. Көбінің шатасатындары - BigData-ны таза журналистік технология ретінде қарайды екен. Тіпті де олай емес. BigData - коррупцияны зерттеп жүрген журналиске де, алыс жұлдыздардан келген сигналдардан заңдылық іздеген астрономға да көмектесе алады. Бұл жерде журналиске де, астрономға да - түрлі дереккөзден келген мәліметтер жиынын сараптау қабілеті керек. Ал сараптау қабілеті туабітті талант па, әлде машықтануға болатын кәсіп пе - ол сұраққа жауабым жоқ. BigData деп - түрлі дереккөзден жиналған мәліметтерден жаңа ақпарат, жаңа дерек шығаруды айтуға болады. Мұны BigData анықтамасы деп айта алмаймын, бірақ, постулат ретінде қабылдауға әбден болады. Коррупцияны зерттейтін журналист салық органдарына да, қаржы ұйымдарына да, кеденге де сұрау салып, барлық мәліметтен мәселе
BigData дегеніміз не? Пушкин мен Дантестің атысы - BigData елегінде
30 июня 202030 июн 2020
6
1 мин