Премьер-Министр А. Мамин ҚР Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысы өтті.
Қазақстанның «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдаманың іс-шаралар жоспарын іске асыру аясында тұрақты және өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығын дамыту туралы ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиев, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров, өңірлерде экологиялық жағдайды жақсарту және «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі шаралар туралы Ақтөбе облысының әкімі О. Оразалин, Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов, Нұр-Сұлтан қ. әкімі А. Көлгінов және Алматы қ. әкімінің бірінші орынбасары Е. Қожағапанов баяндады. Сонымен қатар БҰҰ Даму Бағдарламасының ҚР-дағы тұрақты өкілі Я. Бериш түсініктеме беріп өтті.
«Жасыл экономикаға» көшу аясында заманауи суару жүйелерін енгізуді ынталандыру мақсатында АӨК субъектілеріне инфрақұрылымды жеткізу және суару жүйелерін сатып алу шығындарының 50%-ын өтеу, несиелер мен лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің 10%-ын субсидиялау бойынша шаралар қабылданды.
2022 жылға қарай суармалы жерлердің көлемін 2 млн га дейін жеткізу жоспарланған. Бұған қоса күріш пен мақта сияқты суды көп талап ететін дақылдардың алқаптарын азайту жұмысы жалғасады.
Фермерлердің озық жылыжай технологияларын енгізуін ынталандыру мақсатында жабдықтардың тиісті жүйелерін және кешенді шешімдерді сатып алуды көздейтін арнайы инвестициялық паспорт әзірленді. Жылыжай кешендерін салу және оларды кеңейту шығындарының 30%-ын өтеумен инвестициялық субсидиялар енгізілді.
Жылыжай өндірісі нарығының көлемі 2,4 есе — 90 мың тоннадан 216,9 мың тоннаға дейін, ал жылыжай шаруашылықтарының ауданы 2,1 есе — 575,9 га-дан 1236,7 га дейін ұлғайды.
Қазіргі таңда 180,1 млн га жайылым жерлерінің 106,2 млн га (59%) жері суландырылды. Жайылым жерлерін дамытуды ынталандыру үшін суландыру инфрақұрылымын құру шығындарының 80%-на дейін инвестициялық субсидиялау енгізілді. 2014-2019 жылдар кезеңінде жайылымдарды суландыру үшін 5978 құдық салынды, ал жоспарланған көрсеткіш — 3633.
«Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КЕАҚ білім беру орталықтарында және алдыңғы қатарлы ауыл шаруашылығы кәсіпорындарының базасында АӨК дамытудың барлық бағыттары, оның ішінде «жасыл» ауыл шаруашылығы қағидаттарын енгізу бойынша 25 мыңнан астам тыңдаушының қатысуымен 1400-ге жуық семинар өткізілді.
Отырысқа қатысушылар қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту, жаңартылатын энергия көздерін дамыту, елді мекендерді газдандыру және «таза» көлікті дамыту арқылы ауаның ластануын төмендету мәселелерін қарады.
Кеңес Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының экологиялық проблемаларын кешенді түрде шешу жөніндегі жол картасының жобасын бекітті. Құжат Алматы қаласының 2-ЖЭО мен 3-ЖЭО жаңғыртуды, Нұр-Сұлтан қаласының 1-ЖЭО мен 2-ЖЭО-ға жеткізуші газ құбырларын салуды, су жылытатын және энергетикалық қазандықтарды газға ауыстыруды, ағаштарды кесуге қатысты рұқсат беру рәсімдерін күшейтуді, жасыл желектер алаңын ұлғайтуды, қоғамдық көлікті, коммуналдық қызмет көліктерін газға және электр энергиясына ауыстыруды, сондай-ақ басқа да шараларды қарастырады.
Под председательством Премьер-Министра РК Аскара Мамина проведено заседание Совета по переходу к «зеленой экономике» при Президенте Республики Казахстан.
О развитии устойчивого и высокопроизводительного сельского хозяйства в рамках реализации Плана мероприятий Концепции по переходу РК к «зеленой экономике» на 2013-2020 годы доложили министры экологии, геологии и природных ресурсов М. Мирзагалиев, сельского хозяйства – С. Омаров, мерах по улучшению экологической ситуации и развитию «зеленой экономики» в регионах – акимы Актюбинской области О. Уразалин, Мангистауской области – С. Трумов, г. Нур-Султан – А. Кульгинов и первый заместитель акима г. Алматы Е. Кожагапанов. С комментариями выступил постоянный представитель Программы Развития ООН в РК Я. Бериш.
В рамках перехода к «зеленой экономике» для стимулирования внедрения современных систем орошения приняты меры по возмещению субъектам АПК 50% расходов на подвод инфраструктуры и приобретение систем орошения, субсидированию 10% ставки вознаграждения по кредитам и лизингу.
К 2022 году площадь орошаемых земель планируется довести до 2 млн га. При этом будет продолжена работа по уменьшению площади таких водоемких культур, как рис и хлопчатник.
В целях стимулирования внедрения фермерами передовых тепличных технологий разработан специальный инвестиционный паспорт, предусматривающий приобретение соответствующих систем оборудования и комплексных решений.
Введены инвестиционные субсидии с возмещением 30% расходов на строительство и расширение тепличных комплексов. Объем рынка тепличного производства увеличился в 2,4 раза с 90 тыс. тонн до 216,9 тыс. тонн, а площадь тепличных хозяйств – в 2,1 раза с 575,9 га до 1236,7 га.
В настоящее время из 180,1 млн га пастбищных угодий обводнено 106,2 млн га (59%). Для стимулирования развития пастбищных угодий введено инвестиционное субсидирование до 80% затрат по созданию инфраструктуры обводнения. В период 2014-2019 годы для обводнения пастбищ построено 5978 колодцев, при запланированном показателе в 3633 ед.
В центрах распространения знаний НАО «Национальный аграрный научно-образовательный центр» и на базе передовых сельхозпредприятий проведено около 1400 семинаров с участием свыше 25 тыс. слушателей по всем направлениям развития АПК, в том числе внедрению принципов «зеленого» сельского хозяйства.
Участники заседания рассмотрели вопросы улучшения системы управления отходами, развития возобновляемых источников энергии, снижения загрязнения воздуха, в том числе путем газификации населенных пунктов и развития «чистого» транспорта.
Совет утвердил проект Дорожной карты по комплексному решению экологических проблем городов Нур-Султан и Алматы. Документ предусматривает модернизацию ТЭЦ-2 и ТЭЦ-3 г. Алматы, строительство подводящих газопроводов к ТЭЦ-1 и ТЭЦ-2 г. Нур-Султан, перевод водогрейных и энергетических котлов на газ, ужесточение разрешительных процедур в отношении вырубки деревьев, увеличение площади зеленых насаждений, дальнейший перевод общественного транспорта, автомобилей коммунальных служб на газ и электричество, а также другие меры.