Пневмония, ЖРВИ және КВИ-дің жеңіл түрі бойынша үйінде емделіп жатқан қазақстандықтар дәрі-дәрмекті тегін ала алады. Бұл жайлы ҚР бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Қазіргі таңда МӘМС аясында тегін дәрі-дәрмек пен препараттардың тізімі жасалды. Яғни ЖРВИ мен пневмониядан үйінде емделіп жатқандар осы дәріні ала алады. Бұған дейін емхана дәрігерлерімен кеңес өткізген едік. Сол жиында аталған тізім аясында COVID-19 инфекциясына ұқсас және пневмониямен ауырғандарды тегін дәрімен қамти алатынымыз туралы шешімге келдік», - деді Айжан Есмағамбетова ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында тілшілердің сұрағына жауап бере отырып. Тегін дәрілер тізіміне антибиотиктер мен дене қызуын түсіретін дәрілер кіреді. «Ол дәрі-дәрмекті емханалардың жанындағы мобильді топтар тегін жеткізіп береді», - деген Айжан Есмағамбетова әкімдіктерге қосымша дәрі-дәрмек алу міндеті жүктелгенін айтып өтті. Еске сала кетсек, бұдан бұрынғы баспасөз мәслихатында Де
Үйінде пневмониядан емделіп жатқандар қандай дәрі-дәрмекті тегін ала алады
3 июля 20203 июл 2020
1
1 мин