Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров жаназа намазы мен құдайы асқа қатысқанда қандай ережені сақтау қажеттігін жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Елімізді дүрліктірген індеттің қаупі күннен-күнге өршіп бара жатқаны өздеріңізге мәлім. Ауру айтып келмейді. «Сақтансаң - сақтаймын» демекші төрткүл әлемге қауіп төндірген дертке немқұрайлық таныту өзіміз үшін ғана емес жанымыздағы жандардың өміріне де кері әсерін тигізері хақ. Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің мұсылман қауымын жаназа намазы мен құдайы асқа қатысудың келесідей ережесін сақтауға үндейді. Бірінші жаназа намазына қатысты талаптарды орындауға: жаназа намазына бір ғана діни қызметкердің қатысуына; жаназа намазына тек отбасы және жақын тумаларының қатысуына; жаназаға жалпы саны 30 кісіден артық жиналмауға; бойында дене қызуы немесе жөтелі бар кісінің жаназа намазына мүлде қатыспауына; жаназа намазына келуші кісі міндетті түрде санитарлық но
Жаназа мен құдайы асқа қатысқанда қандай ережені сақтау қажет - ҚМДБ
3 июля 20203 июл 2020
2
1 мин