Найти в Дзене
Dipper

Мысықтар туралы ащы шындық

Адам мен мысық екеуі 6 мың жыл бұрын танысқан екен. Бүгінде кейбір тарихшылар 9 мың жыл бұрынғы кішкентай мысықтардың сүйегі мен адам қаңқасы табылды деген деректерді жиі айтып жүр Мысыққа байланысты наным мен ырымдар бүгінгі күнге дейін біздің өмірімізден көрініс тапқан. Мысалы, мысырлықтар мысық жануарын қастерлеп, оны бұл дүние мен о дүниені жалғастырушысы деп қадір тұтқан. Мысықтың нендей қасиеттеріне бола қастерлеп, ай ханшайымы Бастетке балап, оған арнайы сарай салдырғанын кім білсін. Мысырлықтар фараондарының соңғы сапарында құрмет көрсетілетіндей, киелі жануарларын да бальзамдап, арнайы саркофагтарға салып, құрметпен ана дүниеге шығарып салған екен. Ал жапондықтар мысықты өздерінше қастерлейді. Күншығыстықтар да мысықтардың құрметіне Манеки-Неко храмын салдырған. Мәселен тасбақа түстес мысықтың мүсіні ақша шақырады деген ниетпен баспанасының көрнекі жеріне қояды. Күншығыс елінде қайтыс болған бабаларының жаны мысықтарға ауады деген сенім бүгінгі күнге дейін сақталған. Орыс х

Адам мен мысық екеуі 6 мың жыл бұрын танысқан екен. Бүгінде кейбір тарихшылар 9 мың жыл бұрынғы кішкентай мысықтардың сүйегі мен адам қаңқасы табылды деген деректерді жиі айтып жүр

-2

Мысыққа байланысты наным мен ырымдар бүгінгі күнге дейін біздің өмірімізден көрініс тапқан. Мысалы, мысырлықтар мысық жануарын қастерлеп, оны бұл дүние мен о дүниені жалғастырушысы деп қадір тұтқан. Мысықтың нендей қасиеттеріне бола қастерлеп, ай ханшайымы Бастетке балап, оған арнайы сарай салдырғанын кім білсін. Мысырлықтар фараондарының соңғы сапарында құрмет көрсетілетіндей, киелі жануарларын да бальзамдап, арнайы саркофагтарға салып, құрметпен ана дүниеге шығарып салған екен. Ал жапондықтар мысықты өздерінше қастерлейді. Күншығыстықтар да мысықтардың құрметіне Манеки-Неко храмын салдырған. Мәселен тасбақа түстес мысықтың мүсіні ақша шақырады деген ниетпен баспанасының көрнекі жеріне қояды. Күншығыс елінде қайтыс болған бабаларының жаны мысықтарға ауады деген сенім бүгінгі күнге дейін сақталған. Орыс халқы жаңа үйге қоныстанбас бұрын үйіне әуелі мысықты кіргізген. Мысық үйді жаман күштерден тазартады, олар адам көзіне көріне бермейтін тылсым дүниені көріп, сол дүниемен байланыс орнататынына сенген. Ғылыми тілмен айтқанда мысық үйдегі теріс энергиясы көп жерді арнайы таңдап алып, жағымсыз қуатты әлсірететін көрінеді. Бұл қасиеттердің барлығы да мысық болмысының құпиялығын арттыра түсіретіні рас. Осы уақытқа дейін мысық тышқан аулау үшін жаратылған деп ойлап келгеніміз даусыз. Алайда, өзі мекендеген баспананы жамандықтан тазартып, ондағы тыныштық пен берекені сақтау негізгі міндеті екеніне ғалымдар бізді иландыруда. Осы сынды теорияның қаншалықты шындыққа жанасатынын білу мақсатында заманауи ғалымдардың зерттеу жұмыстарына үңілсек.

-3

Төрт аяқты экстрасенстер

Ғалымдардың айтуынша мысықтар сезімдік емес қабылдаумен, яғни, халық арасында мысықтың «үшінші көзі» бар дегенмен ерекшеленеді. Ішкі сезімдік қабылдауды зерттеуші ғалым Джозеф Венк Райн ұзақ уақыт бойғы зерттеу жұмыстарынан кейін мысықтарда паранормалды қабілет пен телепатиялық көріпкелдігі барын анықтады. Олар қожайыны тап болатын қауіпті, жамандықты алдын-ала сезетін қасиетке ие. Кейіннен Нобель сыйлығының иегері Нико Тинберген мен оның әріптесі Роберт Моррис мысықтардың психокинезді қолдана білу мен көріпкелдік қабілеттілігі барын дәлелдеп шықты. Қауіпті алдын ала сезетін жануарды кемелер, тұңғиық кемелер т.б. қауіппен байланысы бар жерлерде мысықты ұстау – өмір талабына айналғалы қашан. Мәселен, екінші дүниежүзілік соғыс кезінде төбеден жаудырған бомбалардан мысықтар иелерін құтқарғаны туралы деректер көп-ақ. Қауіпті сезінген жануар бүктетілген күйі жатып алады екен. Мысықтың апатты жағдайды сезінетін қабілеті үшін Европада тіпті «Біз де Отанға қызмет етеміз» деген марапатты көптеген адам өмірін сақтап қалған мысықтарға ұсынған. Олар қауіпті ғана емес, ауа райының өзгерісі, қонақтың келуін де сезеді екен. Немістің атақты биохимигі Хельмут Трибуч мысықтар оң зарядталған иондар мен атомдарды атмосферада ұстап, адам құлағы естімейтін айналадағы магниттік кеңістіктегі кішкене ғана өзгерістер мен дауыстарды қабылдай алады деген. Сезімтал жануарды зерттеп жүрген мамандар мамық жануарды адам мен адам санасы қабылдай алмайтын кеңістік арасын жалғаушы деп түсіндіреді. Дегенмен, біз бұл қасиеттерді нақты көре де, сезе де алмаймыз. Мысықтың ерекше қасиеттері жөнінде тек жорамал жасаймыз. Сондықтан да, мысық қабілеті өткен жүзжылдықтың құпияларының бірі болып қала бермек.

-4

Мысық адам денсаулығына пайдалы

Жануарлардың адамның көңіл-күйіне жағымды әсер ететіні сонау Гипакрат заманынан белгілі. Адам мен жануар өзара қарым-қатынасқа түскенде биоэнергетикалық байланыс орнайды. Үй мысығының қожайынының ауырған жеріне жатып алуының өзіндік бір себебі бар екен. Емші жануар өзінің емдік қасиетімен ауруға әсер ете алады. Бүгінде медицинада «анималтерапия» деп аталатын салада адамдарды мысықпен емдеуге құлаш жая кіріскен. Мәселен, адам науқастанған кезде ағзасындағы ауыратын дене бөлігінде энергиялық әлеует өзгереді, ал бұл өзгерісті мысық сезеді. Мысық ауырған тұсқа орналасып, пырылдаған күйі бар энергиясын, жылуын жұмсайды. Мысықтың биоөрісі жүрек жұмысын қалыпқа келтіреді, шаршағанды басады, қан қысымын қалпына келтіреді тамыр және бас ауруын жазады. 20-50 герцке дейінгі белгілі дыбыс толқындарынан тұратын оның мияулауы адам ағзасының қорғаныш күшін арттырады, ұзақ өмір сүруге ықпал етеді, жараның жазылуын тездетеді, сүйек тығыздығын арттырады. Мысықты сипалау кезінде әлсіз тоқ арқылы электростатикалық әсер беріп, саусақ арқылы миға белгі жетеді. Ғалымдардың пайымдауынша, мысықтардың төмен желілік нүктелері олардың мамық та нәзік жүндеріне байланысты. Мысықтың мамығын бірнеше минут сипалаған адамның инфаркт, инсультке шалдығу қауіпі кемиді, талмалардың алдын алады, инфаркт миокардының қайталанбауына әсер етеді, ас қорытуды қалпына келтіреді, микробтарды өлтіреді, қан айналымының жақсаруына себеп болатындығын ғалымдар дәлелдеген. Ал, Батыс дәрігерлері мысықты есірткі мен ішімдікке қарсы дауа ретінде де пайдалана бастаған. Қара мысық адамның бойындағы жағымсыз энергияны басқа мысықтарға қарағанда көбірек сіңіреді екен. Сары мысықтар өздері жағымды энергия бөледі, ал аспан көк түсті мысықтар тыныштандырады. Аппақ мысықтардың бойында емдік қасиеті көп болғандықтан, Ұлыбританияда олар дәріханаларда сатылады. Берлин ғалымдарының зерттеу нәтижесі бойынша үйінде мысық ұстайтын адамдар мысық асырамайтындарға қарағанда 10,3 жыл артық өмір сүретінін дәлелдеген.

-5

Мысықтың биіктіктен төрт аяқтап түсуі

Бұл құпияның сыры мысықтың ауада айнала түсіп, жерге төрт аяқтап түсуінде болып отыр. Алайда, бұл координациялық қозғалыстың арқасында болатын құбылыс. Мысыққа өзіндік теңгерімді ұстап тұруы үшін, сол теңгерімге кепіл беретін оның ішкі құлағы көмектеседі. Мысықтар төртінші қабаттан секіріп кейбірі өліп кетіп, керісінше кейбірі 7 қабаттан секіріп аман қалуы мүмкін. Мысықтардың қандай биіктіктен секіртсе де төр аяқтап түсетіндігі жайлы мәлімет тым әсерленіп айтылған дейді феолинологтар.

-6

Үйдің қорғаушысы

Мысық үйді жамандық пен кеселден, зұлым күштерден қорғайды. Мамық жүнді жануар тышқандарды аңшылық қабілетінен айырылып қалмай және баға жетпес тәуелсіздігін жоғалтып алмас үшін аулайтын көрінеді. Көзден сақтайтын қасиетін білгендер үйіне қара мысық ұстайды екен. Олар басқа мысықтарға қарағанда негативті энергияны жоюға үстемдігі мол. Мамық жануар адамға басқа жануарлар секілді адалдықпен қызмет етпейді. Турасында өзімен-өзі, жеке жанымызда жүреді. Мысықтан адалдық пен сенімділік іздеу қателік. Алайда, сіздің үйге қауіп төнген уақытта мысық әрдайым қасыңыздан табылатынына сеніңіз. Иесінің жағдайы ауыр болғанын сезінсе, мысық қожайынынан ұзақ уақыт бойы алыстамайды.

-7

Түйін. Ежелден бері мысық адамды жағалап жүр. Ол сырға толы басқа әлем мен мына жалғанды жалғастырушы жануар ма? Белгісіз. Дегенмен, оны құпиялы мен таңғажайыппен байланыстырғысы келетіндер көп-ақ. Расында, мысық Жаратқанның келесі таңғажайып жаратылыстарының бірі ғана болар.