Ғалымдар омыртқалы жануарлар тарихындағы ең үлкен және ең күшті балықтар өлімінің себептерін зерттеді. Мегалодон жер бетінде бұрын өмір сүрген акулалардың ең үлкені. Ғалымдар оның тасқа айналып қалған қалдықтарын зерттей келе осы акула түрінің ұзындығы – 18 метр, салмағы – 65 тонна болғанын анықтады.
Бұл супержыртқыштың қалдықтары көп табылғанына қарамастан, олар не үшін біздің заманымызға дейін жетпегені туралы мәлімет аз.
“PLOS One” журналында жарияланған жаңа зерттеулерді Швейцария мен АҚШ ғалымдары бірігіп жүргізген. Олар табылған барлық қалдықты зерттей келе Мегалодондардың қырылып кету уақытын анықтады. Бұл 2,6 миллион жыл бұрын болған екен. Жыртқыштар рейтингісінде көш бастап тұрған бұл ірі акуланың жойылып кетуі ғаламшарымыздың басқа жануарларына, жалпы экотізімге әсер етпей қоймаған. Оның айтарлықтай салдарының бірі – киттердің үлкеюі. Ғалымдардың мәлімдеуінше мегажыртқыштардың негізгі тұтынатын азығы да осы киттер болған. Киттер қалдықтарындағы мегалодонның 17 сантиметрге