«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ «Қазақтелеком» АҚ-ның 10 пайыз акциясын сатып алады. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Келесі компания - «Қазақтелеком». Қор (Самұрық-Қазына) «Қазақтелеком» компаниясының 50 пайыз акциясына иелік етеді. Компания жария саналады және KASE-де листингіленеді және әсіресе, қазіргі реалияда стратегиялық актив саналады. Ұлттық банкпен келіссөз жүргіздік. «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» Қордың 10 пайыз акциясын сатып алады», - деді Ахметжан Есімов Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қорды басқару жөніндегі кеңесте.
Осы орайда ол «Қазақтелеком» компаниясының 10 пайыз акциясын БЖЗҚ-ға сатудағы басымдыққа тоқталды.
«Ең алдымен, сату әдісін өзгертудің қажеті жоқ. Компанияның орналастыру дайындығы өте жоғары. Акция құнының өсімі «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының» табысын арттыратын болады», - деді ол.
Барлық құқықтар қорғалған. inform.kz белсенді сілтемені пайдаланыңыз https://www.inform.kz/kz/zeynetaky-zhinaushylar-kazaktelekomnyn-akcioneri-atanady_a3658138