«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ активтерді дамыту және жекешелендіру жөніндегі тең басқарушы директор Ержан Тұтқышев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ акцияларын нарыққа шығару бойынша түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Өздеріңіз білесіздер, «Қазатомөнеркәсіп» ҚР Үкіметі бекіткен жекешелендіру тізіміне еніп отыр. Осы орайда құнды қағаздардың ұйымдастырылған нарығында 25 пайызға дейінгі акцияларды сатуға рұқсат етілген. 2018-2019 жылдары «Самұрық-Қазына» қоры 25 пайыздың ішіндегі 18,8 пайыз акцияны сәтті орналастырды. Ал қалған 6,28 пайызы орналастырылмаған еді», - деп тоқталды Е. Тұтұқышев онлайн режимде өткен брифингте. Оның сөзіне қарағанда, соңғы бірнеше айда күрделі макроэкономикалық жағдай қалыптасып, бұл өз кезегінде көптеген компаниялардың жұмысына елеулі әсер етті. Алайда, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бұл белесті операциялық әрі қаржылық тұрғыда сенімді еңсерген. «Сондықтан компанияның қаржылық және табыс көрсеткіштері, акция кодировкалары айтарлықтай жақсы деңгейде болды. Ж