Коронавирус пандемиясында көптеген елдер, компаниялар мен адамдар санаулы күндер ішінде жаңа тәсілдермен өмір сүріп, жұмыс істеуді үйренуге мәжбүр болды. Бастапқыда ешкім аса мән бермеген вирус бірнеше аптада қоғамдық сана мен көптеген бизнес-процестерді өзгертті - өзін-өзі оқшаулау, қашықтықтан жұмыс істеу және онлайн-білім беру, интернет-сауда және байланыссыз жеткізу дәуірі басталды. Сонымен қатар денсаулық сақтау жүйесіне ерекше назар аударып, әр адамның тәртіп сақтауы пандемияның ерте аяқталауына қаншалықты әсер ететінін түсіне бастадық. COVID-19 коронавирусы адамның жүріс-тұрысын, әсіресе тұтыну түрлерін түбегейлі өзгертетіні анық, сондықтан адамзаттың басты талқылайтын тақырыбы жауапкершілік болмақ. Үкімет оқшаулану ережелерін сақтау және ДДҰ-ның барлық ұсыныстарын орындау үшін әр адамның жеке жауапкершілігінен бастап, бүкіл денсаулық сақтау жүйесінің күйреуін болдырмау үшін ауыр шешімдер қабылдауы ықтимал. Жеке меншік бизнестің жауапкершілігіне ерекше мән бөлінді. Төтенше жағда