"Жұрттың көбі әлі де үйде отыра тұрғаны дұрыс болар еді. Бұл - ең алдымен, адамдардың қауіпсіздігіне байланысты мәселе. Жұмыс орнында әлеуметтік арақашықтық және қатаң санитарлық режим сақталуы қажет. Індеттің екінші кезеңі басталып кетуі мүмкін. Сондықтан, өзіміздің аман-саулығымызға, ең алдымен, өзіміз жауапты болуымыз керек", - деді ол төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында. Осы орайда Қазақстан президенті мұндай жағдай болса, үкімет тиісті шараларды қолға алатынын атап өтті. "Індет қайта өршіген жағдайда үкімет нақты шұғыл іс-қимыл жоспарын дайындайды. Өздеріңізге мәлім, менің тапсырмам бойынша елімізде дағдарысқа қарсы шаралардың екі топтамасы жүзеге асырылып жатыр", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, бүгін Қазақстанның бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова арнайы қаулыға қол қойды. Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пандемиясына байланысты елімізде төтенше жағдай режимін алғаш 16 наурызда
"Індеттің екінші кезеңі болуы мүмкін". Тоқаев қазақстандықтарға сақ болуға кеңес берді
12 мая 202012 мая 2020
1 мин