Найти в Дзене
Qazaq Sport

БЕКЗАТ НҰРДӘУЛЕТОВ - 2020 ОЛИМПИАДА ЧЕМПИОНЫ?

2019 жылы Екатеринбург қаласында әуесқой боксшылар арасында әлем чемпионаты өткен болатын. Ғалымбек Кенжебаевтың шәкірттері турнирдің қорытындысы бойынша алты медаль – бір алтын (Бекзат Нұрдәулетов), бір күміс (Қамшыбек Күнқабаев) және төрт қола (Сәкен Бибосынов, Абылайхан Жүсіпов, Тұрсынбай Құлахмет, Василий Левит) иеленді.
Қазақстан құрамындағы жалғыз әлем чемпионы 81 келіге дейінгі салмақтағы дебютант Бекзат Нұрдәулетов атанды. Финалға жолдама алу үшін 21 жасар боксшы оңтүстік кореялық Хонг Инги, венесуэлалық Корбай Баррераны, Бразилиялық Кено Мачадоны, Түркиялық Байрам Малканды және Кубалық Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Хулио Сесар ла Крусты жеңді. Сонымен қатар, отандасымыз бес қарсыластың төртеуін нокдаунға жіберді. Ақтық сында Маңғыстау облысының боксшысы өзбек Ділшодбек Рузметовтан басым түсті. Бекзат 1998 жылы 10 сәуірде Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Маңғыстау бокс мектебінің тәрбиеленушісі Әділ Басығараев, Мақсат Бақтыбазаров және Марат Жақиев сияқ

2019 жылы Екатеринбург қаласында әуесқой боксшылар арасында әлем чемпионаты өткен болатын. Ғалымбек Кенжебаевтың шәкірттері турнирдің қорытындысы бойынша алты медаль – бір алтын (Бекзат Нұрдәулетов), бір күміс (Қамшыбек Күнқабаев) және төрт қола (Сәкен Бибосынов, Абылайхан Жүсіпов, Тұрсынбай Құлахмет, Василий Левит) иеленді.

Қазақстан құрамындағы жалғыз әлем чемпионы 81 келіге дейінгі салмақтағы дебютант Бекзат Нұрдәулетов атанды. Финалға жолдама алу үшін 21 жасар боксшы оңтүстік кореялық Хонг Инги, венесуэлалық Корбай Баррераны, Бразилиялық Кено Мачадоны, Түркиялық Байрам Малканды және Кубалық Олимпиада чемпионы, төрт дүркін әлем чемпионы Хулио Сесар ла Крусты жеңді. Сонымен қатар, отандасымыз бес қарсыластың төртеуін нокдаунға жіберді. Ақтық сында Маңғыстау облысының боксшысы өзбек Ділшодбек Рузметовтан басым түсті.

Бекзат 1998 жылы 10 сәуірде Жаңаөзен қаласында дүниеге келген. Маңғыстау бокс мектебінің тәрбиеленушісі Әділ Басығараев, Мақсат Бақтыбазаров және Марат Жақиев сияқты жаттықтырушылардың қолында дайындалған.

Орта мектептің оныншы сыныбына Нұрдәулетов үздік нәтиже көрсетіп, 1998/99 жылы туған жасөспірімдер арасында екі дүркін Қазақстан чемпионы атанды. 2016 жылы Санкт-Петербург қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды.

2018 жылы Бекзат Қазақстан чемпионатына қатысты, сонымен қатар Нұрдәулетов 91 келіге дейінгі категорияда өнер көрсетіп, финалда аса тәжірибелі Василий Левитке жол берді.

-2

Биыл наурыз айында Иорданияда өткен олимпиадалық квалификациялық турнирде Бекзат жеңіске жетіп 2020 жылы Токиода өтетін жазғы Олимпиада ойындарына жолдама ұтып алды. Отандасымыз бұл Олимпиадаға әлемдік рейтингтің бірінші нөмірі және басты фаворит ретінде қатысады. Сондықтан, Маңғыстаулық спортшыдан Жапон жерінде қазақтың туын көкке желбіреткенін үлкен үмітпен күтеміз.