Бокстағы 69 келіге дейінгі жартылай орташа салмақ категориясы Қазақстан үшін сәтті болып табылады. Көптеген спорт сарапшылары бір аузыдан бұл категорияда біздің елімізге тең келетін ешкім жоқ екенін мойындайды.
Олимпиада ойындарында қазақстандық боксшылар қатарынан төрт рет 69 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қарсыластарын "алтынға" жақындатпады.
1. Бақтияр Артаев 2004 жылы Афинада өткен олимпиада ойындарында Бақтияр Артаев "алтынды" еншіледі. Бұл Қазақстан үшін Греция жеріндегі жалғыз алтын медаль болатын. Ақтық жекпе-жекте отандасымыз екі дүркін әлем чемпионы кубалық Лоренцо Арагонды жеңіп, Баркер кубогін иеленді. Кейіннен І дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған. Қазіргі таңда туған қаласы Таразда спорт сарайының директоры болып қызмет атқарады. 2. Бақыт Сәрсекбаев 2008 жылы Пекинде Бақыт Сәрсекбаев жеңіске жетті. Финалда павлодарлық спортшы Кубалық Карлос Бантеу Суареспен кездесіп, айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Сол кезде Бахыт Сәрсекбаевтың алтын медалі бокста жалғ