Армандар картасы казыр бизнестің бір түрі болып тұр. Қысқаша айтканда армандар картасын жасау "мода". Коучтар,блогерлер армандар картасын сатып қалталарын майлап жатыр. Бірақ осы әдемі суреттерді жапсырып отырып, біз өзімізді ғажайып әлемде жүргендей қиялдаймыз.
Блогер Римма Карамованың тікелей эфирін тыңдай жүріп түйгенім "армандар картасы" бізді қарызбен жасалған өмірге жетелейді. Бұл блогердің телеграмм каналында "кредитные историй" және "марафон желаний" деген екі чаты бар. Сол жердегі әр адамның кредит алғаннан кейінгі өмірінен кітап жасап жазуға болады. Том-том кітаптан бестселлер шығары анық.