Найти тему
Иду в опыт

Кредиттің кесірі

"Қарыз күліп кіріп,жылап шығар" деп бекер айтпаған казіргі таңда қарызға батып жүрген бір адам. Кредитке үй,машина,той жасау,тұрмыстық техника,телефон тіпті киім мен тамақты алатын болдық. Әрине "проблеманы"шешеміз. Бірақ біз банктен несие алған күннен бастап, кем дегенде 3 жыл көп дегенде 20 жылдан астам уақытқа басымызға қамыт киеміз. Ай сайынғы төлем, тапқан табысыңның жартысынан көбін банкке кайтарып отыру адамды материалдық және психикалық жағынан шаршатады. Психика бұзылғасын әр-түрлі ауруларға тап боламыз. Бұл уақыттың ішінде жұмысымыздан босап қаламыз ба әлде басқа жағдайлар тап бола ма білмейміз ешқандай кепілдік жоқ.

Біздің банктердің пайызы өте жоғары... Жалақы Европа елдерімен салыстырғанда өте төмен сонда неге сүйеніп жоғары пайызбен халыққа несие беріп жатыр?! Халықтың жағдайы сұмдық қиындап барады жылдан-жылға, онымен қоса карантин кезінде жұмыссыздық көбеюде. Қарызы бар адам ештеңе ойлауға мұршасы жок бір айдан екінші айға дейін алған жалақысын банкке ұстатып, артылғанына үйдегі бала-шағасына оны-мұны тамағын,киім-кешегін алып беруіне ғана жетеді. Жанұямен демалып балалармен шүйіркелесетін уақыт жоқ қой шіркін... тек күн-көріс камы. Әрине барлық қазақ бұлай қиналып жүрмеген шығар бірақ 70-75% осындай жағдайда. Реті келсе кредитке той жасамай,кредитке телефон алмай жүрсек деген ниет қой.

-2