Найти тему
KG MEDIA

21 жасқа толмағандарға темекі және темекі өнімдерін сатпайды

Қазақстанда 21 жасқа толмаған азаматтарға темекі сатып алуға тыйым салынады. Мәжіліс жас шектеуін 18-ден 21-ге дейін жоғарылататын норманы мақұлдады.

Мұндай норма халық денсаулығы туралы кодекс жобасында жазылған. 

Бұдан бөлек, 21 жасқа толмағандарға темекі және темекі өнімдерін сатқаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізілді. 

Бірінші рет заң бұзғаны үшін 15-тен 100 АЕК-ке дейін (41 670 теңгеден 277 800 теңгеге дейін), ал заң бұзушылық қайталанса, онда 30-дан 200 АЕК-ке (83 340 теңгеден 555 600 теңгеге дейін) дейін айыппұл салынады. 

Сонымен бірге, автокөлікте балалар отырған кезде шылым шеккені үшін 10-нан 20 АЕК (27 780 теңгеден 55 560 теңгеге дейін) дейін айыппұл көзделген.