НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сұрапыл соғыс жылдарында Рейхстагқа жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаевтың ерлігі көп жылдар бойы еленбей келгені, тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Қазақстанның Халық қаһарманы атағы берілгені мәлім. Батырдың ерлігі жылдар бойы ресми Мәскеу тарапынан көпе-көрнеу ескерілмеді. Өзге ұлт өкілі болғандықтан кемсітушілікке ұшырап, ерлігі жоққа шығарылып келді. Әйтсе де Рақымжан Қошқарбаевтың дос-жарандары, майдандас бауырлары мен тілегі бір замандастары 30 сәуірді оның тағдырындағы ең ерекше күн деп есептеп, оған қоңырау шала құттықтап, тіпті екінші рет дүниеге келген күні ретінде атап өтуді біразға дейін дәстүрге айналдырса керек. Өйткені бұл күн – Қошқарбаевтың Рейхстагқа ту тіккен күні болатын. Рақымжан Қошқарбаев Ақмола облысының Целиноград ауданында туған. 1942 жылы әскерге алынған. Деректерге қарағанда, 1944 жылы қазан айынан бастап 1-Беларусь майданындағы Идрицк атқыштар дивизиясы құрамында 150-ші взвод басқарып, Польша және Германия жерлеріндегі ұрыст