Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтарды жауапкершілікке тартуға құзыретті емес, деп атап өтті ведомство басшысы Біржан Нұрымбетов НҰР-СҰЛТАН, 18 сәуір – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов Facebook-тегі парақшасында 42 500 теңге мөлшеріндегі жәрдемақыны заңсыз алғандарды жауапкершілікке тартуға қатысты азаматтардың сынына жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. Ол еңбек министрлігінің ешкімді жауапқа тартуға құзыреті жоқ екенін хабарлап, мемлекеттен кімге көмек алуға болатынын, кімге болмайтынын тағы бір рет түсіндірді. «Біз бірінші күннен бастап төтенше жағдай енгізілуіне байланысты табысынан айырылғандарға берілетін әлеуметтік төлемді (42 500) жалақы төленбейтін демалысқа жіберілетін жалдамалы қызметкерлер алуға құқылы екенін айттық. Бұйрықта (ережеде) да бірінші күннен бастап солай жазылған, ол еш өзгерген жоқ. Өкінішке қарай, жұмысын жалғастырып, жалақы алып жатқан көптеген жалдамалы жұмысшы өтініш беріп, 42 500 теңг
Еңбек министрі 42 500 теңгені кімдер қайтаратынын мәлімдеді
25 апреля 202025 апр 2020
1
2 мин