Амандық тілеймін, құрметті оқырмандар! Биыл ұлы ақын, жазушымыз- Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы екені бәрімізге мәлім. Сол себепті өзімнің бірінші мақаламды осы тақырыпқа байланысты жаздым. Сәттілік! 18-19 ғасырдағы қазақ әдебиеті, мәдениетінің айнасы, көшбасы мен мақтанышына айналған бірден-бір тұлға- ол Абай. Өз өмірінде шығыс-батыстан жиған-терген бар өсиет-ілімін өз шығармашылығына өріп, халықтың болашағын өрнектеген Абай Құнанбаев қазіргі театр өнерінде де, қазақ тарихында да ең елеулі, ең оқшаулы орын- төрді алуда. Абай Құнанбаевтың өмірі мен оның басынан өткен сабақты оқиғалардан шен, шабыт алып, екі туынды жазса, бірін «Абай» қойып, ұлы ағамыздың атын асқақтатып жүрген режиссерлер де аз емес. Ал өнер ордасы- театрда Абайды қалай суреттейді? Осы сұрақты қарастырып көрсек. «Мен бір жұмбақ адаммын, оны да ойла,»- деп кеткен Абай ағамыздың кішкене болсын, өмірінің жұмбағына бойлатқан режиссерлердің де, кейіпкердің егізіндей болып, саз балшықтай иіріліп, жоқ кейіпкерді тірілтіп,