Қазақстандық спортшылар адам жанына араша түсіп жүрген ақ халатты абзал жандарға арнап видео үндеу жолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат olympic.kz –ке сілтеме жасап. Қазіргі таңда бар әлем коронавирус індетімен күресуде. Тосыннан келген індет кезінде медицина қызметкерлері мен дәрігерлер өз өмірлерін қатерге тігіп, алдыңғы шепте жүр. Италия және Ресей бастаған әлемдік акцияны отандық спортшылар мен Қазақстан спортының ардагерлері де жалғастырды. Олардың қатарында Олимпиада чемпиондары мен жүлдегерлері, әлем чемпиондар және олимпиадалық спорт түрлерінен ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары бар. #teamKZwithYOU жобасына еліміздегі спорттық қоғамдастық атынан төмендегі спортшылар атсалысты: Александр Винокуров (велоспорт), Ольга Рыпакова (жеңіл атлетика), Дмитрий Баландин (жүзу), Елдос Сметов (дзюдо), Нұрбақыт Теңізбаев (грек-рим күресі), Юлия Галышева (фристайл-могул), Марина Вольнова (бокс), грек-рим күресінің өкілдері Асхат Ділмұхамедов пен Хорлан Жақанша, дзюдошылар Жансай Смағұлов
Мың алғыс: спортшылар індетпен күресіп жатқан дәрігерлерге қолдау көрсетті
23 апреля 202023 апр 2020
1 мин