2019 жылдың маусымында әскер қатарына алынған белсенді Әлімжан Ізбасаров психикалық денсаулық орталығына жатқызылды. Белсендінің анасы Жаухаз Теміртасқызының айтуынша, ұлы Әлімжан Ізбасаров «депрессиялық эпизод» диагнозымен Тараз қаласындағы психикалық денсаулық орталығына жатқызылған. Оның терең күйзеліске түсуіне әскери бөлім қызметкерлері тарапынан жасалған қысым себеп болған. «Әлімжан сәуірдің 3-і күні маған телефон соғып, «көктемде әскерге шақырту болмағандықтан бізді қысқа дейін қалдыратын шығар. Мама мен саған айтайын, қысқа дейін мен шыдай алмаймын. Мына жақта менің мазамды алып жатыр. Майор Ізімбетов екі ай болды менің жүйкемді құртты. Сержанттар тисе береді», - деді. Оның алдында басы ауырды. Невропатологқа барғанда ол «күйзеліс салдарынан ми тамырларының тарылуы» деген диагоноз қойды. Сонда оны аналар әдейі күйзеліске түсірген», - дейді Жаухаз Теміртасқызы. Жаухаз Теміртасқызы ұлымен телефон арқылы сөйлескенін, тілдесу барысында оның дауысы дұрыс болмағанын айтады. Теміртас
Әскер қатарына алынған белсенді Әлімжан Ізбасаров психикалық денсаулық орталығына жатқызылды.
13 апреля 202013 апр 2020
1
1 мин