Таң ата үйге келген Абат,сабаққа баруға мүлдем жағдайы болмады. Ол әбден ұйқысын қандырып алып,соңғы сабақтарға басын сұғып бір көрінуді жөн көрді.Абат әбден демалып, киініп алды да,оқып жатқан оқу орнына келді.
Ол тағы да,мінсінбеген сыңай танытып кіріп келді де,Айымның қасына келіп отырып алды.Оның бұл қылығын жақтырмаған Айым,ысырылып келесі орынға отырды.Жыны құрысқан Абат, ерегесіп қайта барып қасына отырды.Айым тағыда тұрып кеткелі жатқанда қолын қысып,жібермей ұстап алған Абат:
-тұрсаң біткен жерің осы,отыр орныңа деп,тістеніп сыбырлады Айымға.
Айым: Үнсіз бетіне бір қарап, мысқылдап жымиды да,
-кешірерсіз Бекболат Айдарханұлы! -мен алға жақындап отырсам болама? Себебі,сіздің айтып жатқандарыңызды естімей отырмын деді.Бұл жауабына “әрине” деп,рұқсат алған Айым, орынан тұрып ең алдыңғы қатарға келіп отырып алды. Бұл әрекетіне жыны одан сайын құрысқан Абат: -мен саған кімнің кім екенін көрсетермін деп,ашуы алқымына сыймай, бұқа құсап қалаберді. Лекция бітіп,сабақ аяқталғаны сол