Найти в Дзене

Абат пен Айымның тағдыры

⠀ Абат-әкесі мен шешесінің көзінің қарасы мен ағындай болған жалғыз ұлы.Әкесі оның дегенінің бәрін жасап, Абат ер жеткенге дейін бір рет болса да, өз тарапына “жоқ” деген сөзді естімей өскен бала. Абат-ел баласы қызығатын өмірде, барлық нәрсесі бар, ішкені де, ішпегені де алдында өскен байдың ұлы еді.
⠀ Өмірдің өз белесінде ерке, дегені орындалатын байдың ұлы Абат, жоғары оқудың табалдырығын аттап, оқуға түскен кезі еді. Ол өзімен деңгейлес достармен араласып, көңіл көтеруден басқа ойыда жоқ болатын.Өзімен бірге оқитын группаластарын тіпті менсінбейтін. Ол топтағыларға ойына келгенін жасап, кемсіту арқылы оларды қорқытатын.Осы топқа ауылдың қарапайым қыздары да оқуға түскен болатын. Солар бірі өте қарапайым Айым. Ол-шешесінен ерте айырылып, әкесінің қолқанаты болған өте шынайы, тік мінезді,өте әдемі, шашы қолаң, ботадай мөлдіреген көзі бар қас сұлу. ⠀ Абат пен Айымның бір топқа түсіп группалас болуы да тағдырдың тоғыстыруы ма деуге бола ма?... ⠀ Таңертең сабаққа үнемі кешігіп келеті

1-бөлім
⠀ Абат-әкесі мен шешесінің көзінің қарасы мен ағындай болған жалғыз ұлы.Әкесі оның дегенінің бәрін жасап, Абат ер жеткенге дейін бір рет болса да, өз тарапына “жоқ” деген сөзді естімей өскен бала. Абат-ел баласы қызығатын өмірде, барлық нәрсесі бар, ішкені де, ішпегені де алдында өскен байдың ұлы еді.

Өмірдің өз белесінде ерке, дегені орындалатын байдың ұлы Абат, жоғары оқудың табалдырығын аттап, оқуға түскен кезі еді. Ол өзімен деңгейлес достармен араласып, көңіл көтеруден басқа ойыда жоқ болатын.Өзімен бірге оқитын группаластарын тіпті менсінбейтін. Ол топтағыларға ойына келгенін жасап, кемсіту арқылы оларды қорқытатын.Осы топқа ауылдың қарапайым қыздары да оқуға түскен болатын. Солар бірі өте қарапайым Айым. Ол-шешесінен ерте айырылып, әкесінің қолқанаты болған өте шынайы, тік мінезді,өте әдемі, шашы қолаң, ботадай мөлдіреген көзі бар қас сұлу. ⠀

Абат пен Айымның бір топқа түсіп группалас болуы да тағдырдың тоғыстыруы ма деуге бола ма?... ⠀

Таңертең сабаққа үнемі кешігіп келетін, Абат кабинетке рұқсатсыз кіріп, бос тұрған орынға сауқат жоқ, сұрау жоқ келді де отырды. Ешкімде үн жоқ дым білмегендей отыра берді. Жанында отырған Айымда Абаттың бетіне бір қарады да, “қандай адам өзі” деді.

Оны байқаған Абат:

-Жай ма сенікі? Эй,бері қара!

Сөзіне мән бермеген Айым үндемей отыра берді. Содан лекция соңына таяп, бәрі жиналып сыртқа шығып бара жатты. Абат тұрды да:

-Эй, сен маған неге жауап бермейсің деп, Айымның иығына жабысты.

Айым:

-Мен, саған эй емеспін, атым Айым. Екіншіден сен сияқты өзімшілдерге жауап беріп отыруға уақытым жоқ деді де, теріс айналып шығып кетті. Артта қалған Абат пен қасындағы достары оған күліп, келемежге айналдырды. Шамына тиген Абат, достарына айқалап жіберді.Жауындай көрген Айымнан қалай кешірім сұратқызуды, қорқытуды да ойлап тұрды.

Кешкісін олар тағы да, достарымен түнгі клубқа көңіл көтеруге баратын болып шешті.Кеш болды Абатта шыттай болып киініп алып,жолға шықты. Абаттың келбеті әдемі еді, оны көру үшін әдемі көз керек, бой десе бойы, дене бітімі де келісті. Осы кештегі сылқым бикештердің көздері Абатта еді.Таңға дейін көңіл көтеріп, өзара тарасып кетті.

Жалғасы бар...