Мұнай өндіру көлемін қысқартудан бас тартқан соң, Сауд Арабиясы терісіне сыймай, кәріне мінді. Ресейді нысанаға алып, жазалауға кірісті. Саудиялықтар әлемнің түкпір-түкпіріне мұнайын арзан бағамен жеткізіп беріп, шикізат өндіруді тәулігіне 9,7 миллион баррельден 12 миллион барельге дейін өсіретінін мәлімдеді. Онсыз да коронавирус сұранысқа соққы боп тиіп отырғанда, бұл – Ресейге ашық соғыс жариялаумен пара-пар іс. Кремль болса, «бізбен санас» деп талап қойып, Батысқа қыр көрсетіп келеді. «АҚШ-тың тақтатас мұнай өндірушілеріне соққы жасаймын» деп жүріп, Сауд Арабиясының осал жау емес екенін бұл жолы да ескермей қалған тәрізді. Бір ойшылдың: «Үшінші дүниежүзілік соғыстың қандай болатынын білмеймін, ал төртінші дүниежүзілік соғыста садақпен атысады» деген сөзі ел арасына кеңінен тарағаны бар. Ал біздің буын үшінші дүниежүзілік соғыстың қандай екенін жақсы білетін секілді. Өйткені, оның тірі куәгерлеріміз десек, артық болмас. Қазір бір империяны құлату үшін бес қаруы сай қаптаған қалың қ