Ақынды сүю азап бұл.
Өлең жазу мен үшін,
Өмірдегі ғажап бұл.
Ел намысын оятам,
Болмасын деп қазақ құл.
Қазақ деген халық қой,
Басқалардан аз-ақ бұл.
Сұрайтыным құдайдан,
Аз қазақты азат қыл.
Бір қызды ойлар жүрегім,
Үш жүзді ойлап азад(ы) құр.
Сондықтанда арулар,
Ақынды сүю азап бұл.
Жаратқаннан сұраймын,
Пейішті бізге ашық қыл.
Қазақ ұлын əр қашан,
Тура жолға асық қыл.
Ел қорғайтын батыр қыл,
Шайтани жолдан қашық қыл.
Ысырап қылып ешқашан,
Жүрмесінші шашып пұл.
Бабасындай ұрпағын,
Болуға батыр нәсіп қыл.
Ақынға емес батырға,
Қазақ қызын ғашық қыл.
Исмағұлов Сабыржан