Найти в Дзене
serikkazy

Қораның вирусынан қорқасыз ба?

Дүниені жаулап жатқан коронавирус дегенннен шошитын болдық. Біздің елде жоқ сияқты еді. Кеше Бас санитар дәрігер Бекшин деген мырза "Наканец-та" бізге келеді деп қуана хабарлады. Соған қарағанда жасырып отырған сияқты. Бар екеніне нақты дәлелдері жоқ, бірақ секем-күдіктері басым. Не анда жоқ, не мында жоқ осындай мәлімдеме таратқанша, ол пәлекеттен қалай сақтануға болатыны туралы неге үгіт-насихат жүргізбеске? Бірақ оған енді милары жетсе?!

Сурет: zakon.kz
Сурет: zakon.kz

Жоғары жақтағылар өздері мүмкін сақтанып, бар қамдарын жасап қойған болар? Қарапайым халықта олардың шаруалары болмай тұр.

Естуім бойынша бұл вирус ыстықтан қорқады. Сол үшін де ыстық суды, шәйді көбірек ішіп жүріңіздер. Даладан келсеңіз, алдымен қолды, сосын бет-аузыңызды жақсылап сабындап жуыңыз. Әсіресе, балаларды осыған дағдыландырыңыз. Жеміс-жидекті де жақсылап жуып барып жеңіздер. Көз, мұрын деген сияқты жерлерді қолмен ұстамауға тырысыңыз. Адамдар көп жиналатын жерге жоламаған дұрыс. Жалпы, гигиенаны жақсылап ұстау керек.

Сурет Ерлан Саировтың Фейсбук парақшасынан алынды.
Сурет Ерлан Саировтың Фейсбук парақшасынан алынды.

Әйтпесе, біраз күннен кейін Бекшин мырза "Коронавирус бізге келіп қойыпты, біз байқамай қалыппыз. Ал, енді өздеріңіз бірдеңе қылыңыздар" деуден тайынбайды. Сақтанғанды сақтайды!