Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі 2020 жылғы 18 наурыз күні сағат 17.00-де Үндістан Республикасы Нью-Дели қаласында Үндістан Ұлттық музейінде «Ұлы дала: Уақыт. Кеңістік. Мәдениет» көрмесін ашады. Көрме Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған халықаралық «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» көрме жобасы аясында 2020 жылғы 18 наурыз - 19 сәуір аралығында өтеді. Көрменің басты жәдігері «Алтын адам» - ел рәміздерінің ажырамас бөлігіне айналған Қазақстан тарихындағы ең танымал археологиялық сенсация. «Алтын адам» 1969 жылы Алматының маңайындағы Есік қорғанында археолог Кемал Ақышевтың жетекшілігімен жүргізілген археологиялық жұмыстар нәтижесінде табылды. Қорғаннан арасында киімдерді безендіретін детальдар, сол сияқты әшекейлер мен тұрмыстық заттар бар төрт мыңнан астам алтын бұйымдар табылды. Зерттеушілердің қорымдағы заттардың топографиясын тер төгіп зерттеулері нәтижесінде, көрмеге ұсынылып отырған сақ ж