Найти в Дзене
serikkazy

Доллар неге қымбаттап жатыр?

Қазақстанда доллар қымбаттап жатыр. Неге деріңіз бар ма? Әлемдік нарықта мұнай бағасы түсіп жатыр екен. Біздің байқұс экономика тәуелсіздік алғалы бері осы мұнайға байланып тұр. Ешқандай бір ішкі өндіріс орны ашылып жұмыс істемейді десек, өтірік айтпаған болар едік. Ары кеткенде, шетелдік компаниялардың жергілікті филиалдары мен құрастыру цехтары ғана жұмыс істейді. Бізден жағдайы төмен деп күлетін қырғыздардан киім сатып аламыз. Өзбектердің ақырып темппен болса да біртіндеп дамып жатқан өнеркәсібі туралы айтпай-ақ қояйық. Жүрегің ауырады.

Сурет: express-k
Сурет: express-k

Біздің елде парадокс, ешкім түсінбейтін жағдайлар бола береді. Мысалы, бензин ылғи да қымбаттау үстінде. Оның құны мұнай арзандаса да, қымбаттаса да өсе береді. Түсіне алмайсыз.

Кішігірім болса да өз шаруасын ашайын деген адамдар үшін жеңілдік жоқтың қасы. Бір жерден орын алайын десең, аренда бағасы шалқайып тұрады. Оған ай сайын төлеу керек салығыңыз бен басқа төлемдеріңізді қосыңыз. Банкке жолап кетіп несие алсаңыз, басыңыз бәлеге қалды дей беріңіз. Аз ғана күн несие төлей алмай қалсаңыз, басыңызға әңгір таяғын ойнатып, қорқытып шыға келеді. Дүние-мүлкіңді сот арқылы тартып аламыз, төлемей көр деген сес жатады астарында.

Міне, осындай елде доллар қымбаттамағанда қай жақта қымбаттайды?! Оның шешімін кім айтады екен?

P.S. Бұл қарапайым қазақтың қысқаша пайымы. Ақылдылар не айтатынын білмеймін.