Халық ақыны Үмбетәлі Кәрібаев 1889 жылы Алматы облысы Жамбыл ауданы бұрынғы Шолаққарғалы , қазіргі Үмбетәлі ауылында дүниеге келген. Әкесі Кәрібай орта шаруа адамы,анасы Өзипа ауыл арасында ән салып жүретін өнерпаз болған екен. 13 – 14 жасынан қолына домбырасын алып өз бетінше ақындық жолға түскен Үмбетәлі кейіннен Жамбылдан бата алып,айтулы ақын болыпты. Үмбетәлінің өнеріне риза болған Жәкең оған «Қара жорға »деп ат қойыпты. Өз замандастары Кенен , Иса, Есдәулет қалқащаларының алдында Үмбетәлі өзінің талантымен оқ бойы озық болған деседі. Әкесі Кәрібай алғашында баласы Үмбетәлінің ақындығын жақтырмай келе – келе талантына риза болып ,ақ батасын берген екен . Өз кіндігінен ұл балалары шетінеп кете беріп,тек қана Зейнеп пен Дәмегүл атты қыздарынан ұрпақ тараған. Үмбетәлінің соңынан ерген шәкірттері халық ақындары Әсімхан Қосбасаров пен Әлімқұл Жамбылов және сол ауылдың келіні Қазақстан Республикасының қайраткері Надежда Лушникова. Үлкен қызы Зейнептен туған баласы Әуелбек Ысқақов та бұл күнде ел таныған ақын,екі қызынан туған немерелері Алматыда және Үмбетәлі ауылында тұрып жатыр. Үмбекеңнің көзі тірісінде бірнеше кітаптары жарық көрсе , туғанына 100-120 жылдығында екі томдық кітабын ұрпақтары баспадан шығарды.1988 жылдан бері Үмбетәлі Кәрібаев атындағы әдеби – мемориалдық мұражайы жұмыс істейді .1989-жылы музейдің алғашқы директоры ақын Н.Лушникова. 2012-жылдан бастап мұражай директоры Искаков Ауелбек .
Жыр алыбы Жамбыл Жабаев,Кенен Әзірбаев,Үмбетәлі Кәрібаев.
Ақын Үмбетәлі ақындардың конференциясында.