Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (ары қарай – ҚР БҒМ) 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген (2018 жылғы 29 маусымдағы №316 бұйрықпен өзгерістер енгізілген), Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес, мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлер біліктілік тестілеуден өтеді. Біліктілік тестілеу – білім саласындағы уәкілетті орган әзірлеген тестілер бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілігінің деңгейін