Ұлттық біліктілік тестілеу екі блокқа бөлінеді және барлығы 100 тест тапсырмасынан тұрады: Бірінші блок «Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша 70 тапсырма Екінші блок «Педагогика, оқыту әдістемесі» бойынша 30 тапсырма. Тестілеудің жалпы уақыты – 3 сағат 20 минут (200 минут), ал математика, физика, химия, информатика пәндері үшін – 3 сағат 50 минут (230 минут).
«Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша тест тапсырмалары педагог қызметкерлердің терең академиялық білімін, практикалық икемділігі мен дағдыларын тексеруге бағытталған. Ол үшін 3 түрлі формадағы тапсырмалар қолданады:
бір дұрыс жауабы бар 50 тапсырма,
бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар 10 тапсырма,
екі мәнмәтінге (бір дұрыс жауабы бар) 10 тапсырма.
Мәнмәтіндік тапсырмаларда бір мәнмәтінге 5 тапсырма беріледі. Мәнмәтін (ғылыми, көркем мәтін), таблица, схема, графика, суреттер түрінде немесе бірнеше ақпаратты бірден беруі мүмкін. Осы тапсырмаларды жақсылап орындау үшін мәнмәтінмен және берілген тапсырмаларымен мұқият танысу керек. Дұрыс ж