Мемлекеттен тегін пәтер алудың бірнеше құпия жолы бар. Жалпы, ақша жинамай-ақ баспаналы болу үшін не істеу керек? Nege.kz жұрт біле бермейтін әдістерді бір жерге жинақтап, сізге ұсынуды жөн көрді. Мақаланы аяғына дейін оқысаңыз, үйлі болып қалуыңыз мүмкін. Бір нәрсені айқындап алған жөн. Тегін пәтерді үздіксіз беріп отыру елімізде тек 2015 жылға дейін жүргізіліп келді. Одан кейін мүлдем тоқтады десе де болады. 2017 жылы ол кезде мемлекет басқарып тұрған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев "Енді тегін пәтер бермейміз" деп, отандастардың үмітін үзгендей болған. "Үйде отырып алып, баспананы біреу тәрелкеге салып әкеліп береді деп күтудің қажеті жоқ. Мұндайды күтпеңіздер. Қазір нарық шарттарының негізінде мемлекет ешкімге тегін үй бере алмайды және беруге міндетті емес. Мемлекеттік қызметкерлер де осы жүйеде болуы керек. Міне, осындай адамдарға мемлекет көмектесіп, пайызды төмендетіп отырады. Әсіресе, әкімдіктерге берілетін ақшаның пайызы өте төмен. Міне, осыны мемлекет тарапынан көрсетілген көм