Сізде үй жоқ делік. Ипотека алуға мүмкіндік бар. Қиналмай пәтер жалдап та тұра аласыз. Ал енді таза қаржылық жағынан қайсысы тиімді? Ипотека ма, аренда ма? Nege.kz ипотека мамандары мен риелторларды тыңдап, осы бір қызық тақырыпты саралап көрді. Жалға алудың тиімді және тиімсіз тұстары Арнайы үй сату және жалдау сайттарын саралап отырып, Нұр-Сұлтан қаласындағы 2 бөлмелі пәтердің жалға беру бағасы айына 180 000 теңгеге шығатынын анықтадық деп жазады, ИпотекаБлог. Демек, егер осы пәтерде бір жыл тұрсақ, онда 2 160 000 теңге құртамыз. Ал 25 жылғы шығынымыз 54 миллион теңгені құрамақ. Жалға алынған пәтерде тұрудың мынадай ыңғайлы тұстары бар: Кез-келген уақытта кетіп қала аласыз;
Қаланың өзіңізге жайлы жерінен, қалаған ішкі құрылымымен, әрлеуімен пәтер таңдауға болады;
Мектеп немесе балабақшаға, басқа да қажетті нысанның жанында тұруға болады;
Үйге жөндеу жұмыстарын жүргізіп немесе жиһаз сатып алып шығындалмайсыз. Көп жағдайда оның барлығы дайын тұрады. Жалға алынған пәтерде тұрудың тиім