Кредит алып баюға бола ма? Қазақстанда кредит алып байыған адамдар аз емес. Көбісі өз жағдайларын гиперинфляция дәуірінде, яғни 1991-1998 жылдар аралығында жақсартып алды. Олардың банктен алған қомақты қаржысы бір жылдан кейін түкке тұрмайтын тиын болып қалды. Жекешелендіруге қатысқан, банктен алған кредиттерін пайдаланып зауыттар мен фабрикалар, ғимараттар мен түрлі нысандар сатып алуға үлгерген және оған батылдығы мен өресі жеткен азаматтар осы күндері мол байлыққа кенеліп отыр. Ал қазір ше? Ондай мүмкіндік бар ма? Nege.kz сіз бұған дейін білмей келген, кредиттен баюдың бар құпиясын ашпақ. Осы жолдардың авторы қазір құны жерге тимей тұрған пәтерлердің кезінде 500 долларға сатылмай тұрғанын да көрген еді. Қазір олар 50 мың доллар тұратынын ескерсек, 20 жыл ішінде пәтер 100 есеге қымбаттаған. Сондықтан, есіңізде болсын - кейін құны өсетін мүлік алуға жұмсалған несие қалай болғанда да сізге пайда әкеледі. 1. Несиені пайда әкелетін бизнеске бағыттау Қаржы саласы мамандарының айтуынш