Найти в Дзене

Жала 2 (жалғасы)

Таңертең тұрғанда ұлы Сотанның жатар орнында жоқ екенін көріп ұлы Жүніске іздеуді тапсырады. Бір екі күн сұрастырып іздеп Солтанды таба алмайды. Содан кейін аудандық ішкі істер бөлімінде бұғалтір болып істейтін қызы Сайраға телефон соғып Солаттын жоғалып кеткенін айтады. Қызы ішкі істер бөліміне келіп Солтанның жоғалып кеткендігі туралы арыз беру керектігін айтады. Жүніс ішкі істер бөліміне арыз беруге кетеді. Жүніс кеткеннен кейін етеңінде Сақып, шілдехана өткізу үшін уақытша алған көрші үйдің ыдыс аяғын апарып беріп қайтып келе жатқанда, қардың астынан шығып жатқан адам қолын көріп тартып қалғанда ұлы Солтанның өлі денесін көріп шошып кетіп аяқай салған. Сөйтіп айқай шу болып жатқанда полицияны ертіп Жүніс те келді, полиция Солтаның денесін ауданға алып кетті" деп, сөзін аяқтады.

Мен Сақыпқа, "пайғамбар жасына келген үлкен адамсыз, ештеңені жасырмай, бұрмаламай шындықта айтыңыз. Ертең өтірік айтқаныңыз анықталса қылмысқа тартылып кетуіңіз мүмкін" дедім. Сақып маған, "сен мені өтірік айтып тұр деп тұрсың ба, сен сол кезде болдың ба, неге маған өтірік айтып тұрсың, жасырып тұрсың дейсің, неге мені қылмысқа тартыласың деп қорқытасың" деп, дауыс көтере дөрекі сөйледі. Мен оған "Сізден мен тек қана шындықты айтуды өтініп тұрмын. Өтірік айтсаңыз, шындықты бұрмаласаңыз қылмысқа тартылатындығыңызды ескертіп отырмын" дедім. Ол маған "мен ұлымды жоғалтып отырған адаммын неге мен өтірік айтуым мүмкін, сен мені олай қорқытпа, менің де заң орнында істейтін туысым, таныстарым бар. Енді мен Сізге ештеңе айтпаймын, сөйлесетін жерде сөйлесеміз" деп кете бергенде, "Сәл кедеріңізші мынаны тыңдаңызшы" деп, Бейсенге магнитафондағы баланың айтқаны жазылған жазбаны қосқыздым. Сақып жазбаны толық тыңдады. Өңі бұзылып, түрінде қорқыныш байқалды.

Оның психалогиялық қорқыныш пен күйзелісте тұрғанын байқап мен оған, "Сіздің ұлыңыздың денесі көрші үйге баратын жолдан 40 метрдей қашықтықта тысқары жатыр. Сіз ұлыңыздың денесі жатқан жерге әдейлеп келіп, қарды теуіп қалып, қар асынан шыққан ұлыңыздың қолынан тартып оның денесін қардың асытынан алып шыққансыз. Яғни Сіз ұлыңыздың жатқан жерін білгенсіз. Демек Сіздің бұл қылмысқа қатысыңыз бар. Ал Сіздің бұл қылмысқа қаншалықты қатысыңыз бар екенін тергеу орны анықтайды. Мүмкін Сіздің бұл қылмысқа қатысыңыз жоқ та шығар. Егер қатысыңыз болмаса, шындықты айтсаңыз, мен Сізге көмектесемін. Ал дәл қазір маған шындықты айтпасаңыз қылмысқа тартыласыз" дедім.

Сақып "Ол мені өлтіреді, өлтіреді" деп айқайлар жылап жіберді. Мен оған "Кім Сізді өлтіреді, кімнен қорқасыз, қорықпаңыз, Сізді полиция қорғайды, және Сіздің айтатын шындығыңызды әзірше ол кісі білмейтін болады. Ал оқиға қалай болды шындықты айтыңызшы дедім". Ол ұлы Жүніс мас болып қалған әкесін қол шанамен үйге алып келген соң біраз ауқыттан соң әкесі есін жиып, ұлы Жүніспен сөзге келіспей екеуі төбелескен. Үлкен ұлы Жүніс қолына үтік алып әкесін ұрмақ болып әкесіне жүгіргенде кіші ұлы Солтан екеуін арашаламақ болып орталарына тұра қалғанда, Жүністің үтік ұстаған, әкесіне қарай сермеген қолы Солтанның сол жақ шекесіне тиіп Солтан полға құлап түскен. Солтанды қарағанда оның сол жақ шекесі тесілген жарақаталғанын байқаған. Солтан сол алған жарақаттан бірден қайтыс болған. Жүніс әкесіне "Солтанның денесін Елдостың тракторының жолына қардың астына көміп, Солтанды Елдос трактормен мыжып өлтірді деп айтамыз" дейді. Әкесі оған келісіп, екеуі Солтанның денесін қол шанаға салып Елдостың тракторының жолына апарып қардың астына көмеді. Шалы кемпіріне біреу-міреуге айтсаң өлтіремін деп қорқытып ескертеді. Өмір бойы шалынан таяқ жеп келе жатқандықтан қорқып ешкімге тіс жарып ештеңе деймейді. Ертеңінде шалы оған Солтанның денесін қай жерге қардың астына көмгенін көрсетеді. Жүніс әке-шешесіне үшінші күні аудандық ішкі істер бөліміне барып, арыз беріп, апайы Сайра арқылы Солтанды трактормен Елдос мыжып өлтірді деп оны қылмысқа тартқызатынын, шешесіне үшінші күні ауылға полиция қызыметкерлерін әкелетінін солар келердің алдында Солтанның денесін тауып алғансып әрекет етуді айтады.

Мән-жайды айтып болған соң Сақып тағы да, өзін шалының ұрып өлтіретінін айтып жылай бастады. Мен оған "Жүніс Солтанды қасақана өлтірген жоқ, байқаусызда өлтіріп алып отыр. Ал Сіз куәсіз, қылмысқа тартылмайсыз. Шалыңыз денені жасыруға көмектескені үшін қылмысқа тартылып, бірақ алпыстан асып кеткендіктен кешірімділік заңымен оған кешірім жасалуы мүмкін. Егер Жүністі Сіздер кешірсеңіздер оған да кешірімділік заңы қолданылып, жеңіл шартта жаза берілуі мүмкін, ал Сіз осы шындықты тергеу орнына барғанда осылай, жасырмай толық айтуыңыз керек" дедім.

Ауылға келген соң мен Сақыптың айтқандарын бес касетаға көшіріп жазып, ҚР Бас прокуратурасына, ҚР ішкі істер Министріне, ҚР ХҚК-не арыз жазып(ол кезде бірінші мемлекеттік қызыметкерлердің аудан әкімінің, аудан прокурорының, аудандық сот төрағасының, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының қылмысты әрекетін тексеру ХҚК-нің құзырында болды), Бейсеннің бауыры Нұрболды Алматыға жібердім. Оған менен не, Бейсеннен "өткіз" деп қоңырау шалынбайынша арыздарды өткізбеуді ескерттім.

Ертеңінде аудан прокуроры Қисықбаев Тұрардың атына "Елдостың кінәсіз екендігі, Солтанның өліміне оның ешқандай қатысы жоқ екендігі, оқиға мүлде басқаша болғандығы туралы, Елдостың іс-әрекетінде оған тағылып отырған айыпқа қатысты қылмыс оқиғасы, қылмыс құрамы жоқ екендігін айтып, оған қозғалған қылмыстық істі қысқыртуды сұрап" өтініш жазып, өтінішімді кеңсеге тіркетіп қабылдауына кірдім. Прокурор менің өтінішімді оқып шығып, бетәлпеті бұзылып, маған тікірейе қарап, "Сен қайдан келген адвокатсың?" деді. Менде қырсығып оған "біз бір-бірімізді бірінші рет көріп тұрмыз, "Сен" емес, "Сіз" дегеніңіз дұрыс болар, әлде әдептілік деген сізге жат қылық па? деп жауап бердім. Ол қабағы түйілген күйі "біз сонда кінәсіз адамға айып тағатын ақмақпыз ба, сен оқыған заңды біз де оқығанбыз, маған жөн сілтейтін кімсің" деп дауысын көтере сөйлеп телефон трупкасын алып, "подполковник Жұртпаевті шақыртыңыз тез жетсін" деп трупканы тастай салды. Мен оның ішкі істер бөлімінің бастығын шақыртқанын сездім. Мен оған "Мен сізге жөн сілтеп тұрған жоқпын, шындықты айтып тұрмын" дедім. Шындық сол "Солтанды өлтіргенін мойындап, өзі қол қойып отыр одан артық қандай шындық керек" деді. "Егер мен оқыған заңды сізде оқыған болсаңыз, мойындау дәлел емес екенін білетін шығарсыз" дедім. Өзің бір сөз аңдыған пәле екенсің, қазір ішкі істер бөлімінің бастығы келеді сол мән-жайды айтады. Егер ол өлтірмесе өз еркімен неге мойындайды". деді. Осыған мен де таң қалып отырмын, "неге ол өзі істемеген қылмысты мойындап отыр, неге тергеу орны оған дәлелсіз "кісі өлтірді" деген айып тағып отыр" дедім. Ол тағы да қабағын түйіп тіке қарап, "сонда біз заңсыз әрекетке барып отыр демексізбе" деді. Мен "иә заңсыз әрекет жасап отырсыздар" дедім. Сол кезде Жұртпаев та кіріп келді. Прокурор оған "мына бір адвокат Елдосты дәлелсіз айыптап, кінәсіз қамап, заңсыз әрекет жасап отырсыздар деп отыр" деді. Жұртпаев маған "сен қайдан келген адвокатсың" деді. Мен "Сен" емес "Сіз", мен Семей облысынан келдім дедім. "Наймансыңба?" иә "Найманмын" дедім. "Наймандар жүрген жерге шөп шықпайды" деді. "Сіздің руыңыз кім?" дедім. "Адаймын". "Адайлар жерде мұнай, көкте құдай, ортасында адай деп мақтанады екен рас па?" дедім. "Иә тыңдасаң адаймын, тыңдамасаң құдаймын" деді. Мен "иә мен найманмын есірген адайдың басын шауып тастайтын құрал сайманмын" дедім. Ол көзі аларып "мына найман қалай-қалай сөйдейді ей, қамап тастап сабап алайын ба" деп прокурорға қарап еді, прокурор да оған "бір айып тағып қамап тастауға болады" деді.

Мен оларға "таяз ойлайтын жандар екенсіздер, мен сіздерден бес-алты жүріс бұрын жүріп отырмын. Жәрайды білгендерің осы болса, Сіздерге басқа айтарым жоқ" деп, Сақыптың сөзі жазылған касетаны покурорға көрсетір тұрып, "Мен енді сіздерге келмеймін, сағат беске дейін Елдос қамаудан босатылмаса, сағат бесте мына касетаның көшірмесі арызбен қосылып ҚР Бас прокурорына, ҚР ХҚК-не, ҚР ІІМ-не табысталады деп, касетны прокурорға ұстатып шығып кеттім.

Сағат төрттер шамасында шай ішіп отырғанда Елдостың әке-шешесінің үйіне ішкі істер бөлімінен телефон соғылып, кезекші "Жұртпаевтің менің ішкі істер бөліміне келіп кетуімді сұрағанын" айтты. Мен кезекшіге "бағана мен келмеймін деп айтып кеттім. Мен Жұртпаевпен емес, прокурормен сөйлесемін. Мен прокрорға қонаққа келген жоқпын керек болса өзі келсін" деп трупканы тастай салдым. Біраз уақыттан кейін прокурордың жүргізушісі келіп прокурордың прокуратураға шақырып жатқанын айтты. Мен Елдос қамаудан босатылмайынша прокурордың шақыруына бармайтынымды айтып, прокурордың өзінің келуін талап етіп, сағаттың бес болып қалғанын ескертіп барудан бас тарттым. Сағат төрт жарым кезінде Елдостың әке-шешесінің үйіне прокурордың өзі келді. Кірген бетте прокурор кешірім сұрап, "Бәке, кешірім сұраймын, бір түсінбестік болып қалды, мәселені кабинетке барып шешсек қайтеді" деді. Мен "Елдос қамаудан босатылмайынша сізбен әңгіме болмайды" деп, сағатыма қарап "сағат беске жиырма бес минут қалды" дедім. Прокурор "Елдосты камаудан босатамын" деді. "Сөзіңізде тұрасызба?" деп едім, "Рас босатамын" деді. Мен "сіздің көлігіңізге отырмаймын басқа көлікпен барамын" дедім. Прокуратураға келсек бір кабинетке стол жасап қойыпты. Пысқан ет, жеміс-жидек, арақ-шарап тұр. Жұртпаев келіп кешірім сұрап "ауқаттанып отырып асықпай сөйлесейік, төрлетіңіз" деп, төрлетуімді ұсынды. Мен "сіздерге қонаққа келген жоқпын, екіншіден бұл үй емес мемлекеттік мекеме, үшіншіден жаңа сіздер мені қамап қойып сабамақ едіңіздер ғой, төртіншіден мына астарыңыздан дәм тата алмаймын себебі мен сіздерге сенбеймін" деп сағатыма қарап, "беске он минут қалды" дедім. Сол кезде екі конвой қолы ксендеулі бетаузы көгерген, аяғын ақсаңдай басқан Елдосты алып келді. Мен прокурорға қарап "қолы неге ксендеулі" дедім. Дереу оның қолынан ксен алынды. Елдос біресе маған, біресе прокурорға, біресе Жұртпаевқа қарап аңтарылып тұрып қалды. Мен оған "бауырым сен кінәсізсің, боссың" дедім. Ол сенер сенбесін білмей жылап жіберді. Жарты минуттай үнсіздік пайда болды. Прокурор мен Жұртпаев төмен қарап тұр екен мен оларға, "сіздер ештең айтпайсыздарма?" деп едім, жылап тұрған Елдос "лағнет атсын бұларды лағнет атқырлар маған істеген қорлықтарың өз балаларыңның басына келсін, құдайдан соны тілеймін" деп жылап шығып кетті.

Мен прокурорға Сақыптың ұлы Жүністің әрекеті қасақана кісі өлтіру емес, байқаусызда, абайсызда кісі өлтіру оны және шалды сорлатып жүрмеңдер деп шығып кеттім. Кейін естідім Жүсіп абайсызда кісі өлтіру бабынмен жаукапқа тартылып, әке-шешесінің кешіруімен және рақымшылық заңының қолданып екі жылға шартты жазаға сотталыпты. Шал да рақымшылық заңы қолданылып бір жыл шатты жазаға сотталыпты.

Аяқталды.