Қазақта «Тойың қабат болсын, өмірің абат болсын!» деген тамаша даналық сөз бар. Сол айтылғандай, биыл біздің сүйікті қаламыз қос бірдей тойды қатар тойламақ. Шымкенттің 2200 жылдық мерейтойы Халықаралық мерейтойлар тізіміне енгізіліп, ЮНЕСКО деңгейінде атап өтіледі. Бұдан бөлек шырайлы шаһарымыз -- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мәдени астанасы мәртебесін иеленіп отыр. Қос тойды қатар өткізетін көне кентте көптеген мерекелік мәдени шаралар өткізу жоспарланған. «Шымкент – Достастықтың мәдени астанасы – 2020» іс-шарасына дайындық жөніндегі ұйымдастыру комитеті егемен еліміздің жетекші бұқаралық ақпарат құралдары бас редакторларымен «Шымкент – Достастықтың мәдени астанасы» тақырыбында кездесу өткізуді жоспарлаған. Іс-шара үшінші мегаполистің имиджін көтеруге бағытталған. Іскерлік басқосуға ІТ саласының өкілдері, соның ішінде баспа және электронды БАҚ журналистері мен қазақстандық танымал блогерлер қатысады. Негізгі іс- шаралар басталғанға дейін бар