Еһһ Ninty one қазақты қазақ қыла алмай жатқан кезде жығылғанға жұдырық болдың ғой!!!
ЖАСТАРЫН ОҢТҮСТІКТІҢ МАҚТАН ЕТЕМ.
Ессіззге Ninety one жаққан екен.
Білмеймін қандай жылан шаққан екен.
Үңіліп қарап едім өкіндім ғой,
Киетін киімді де тапқан екен.
Келбеті тура қыз ғой жігіттердің,
Жауынгер болмақ түгілі лаққан екен.
Қорқамын ақыр заман белгісі деп,
Ұлдар қызға ұқсас боп жатқан екен.
Азғындықтың белгісі барып тұрған,
Құрылған қазақтыққа қақпан екен.
Өрлей ме деп ойласам қыран болып,
Қайтейін құзға төмен шапқан екен.
Концертін қоямыз деп шымқалаға,
Ылай су тұнығыма аққан екен.
Бұл ойы қолдау тауып аяқ асты,
Қармағын бəз біреулер қапқан екен.
Концертті қоймайсың деп Шымкентте,
Жастары намыс отын жаққан екен.
Киелі жерге қадам баспайсың деп,
Жолынан Ninety oneды қаққан екен.
Осындай жастар аман-есен жүрсе,
Ататын ертеңгі күн ақ таң екен.
Жаңылмай жүрген баба дəстүрінен,
Жастарын оңтүстіктің мақтан етем.
ИСМАҒҰЛОВ САБЫРЖАН