Найти тему

Əумин деген жарасады.


Əумин деген жарасады.

Əрқашан əуелесін алаш əні.
Жұлдыздар түнде болар дала шамы.
Кедеймін деп ешқашан жасый көрме,
Пендеге Құдай өзі қарасады.
Арманға қолың жетпей жүрсе егер,
Бір Алла биіктетер аласаны.
Садақа берген дұрыс есеп күні,
Тозақтан сұрау үшін арашаны.
Иманы берік жандар əрқашанда,
Сауапты іс жасауға таласады.
Жыйылса жақсылыққа жамағат боп,
Құдайды еске алып тарасады.
Көп болып пайғамбардың үмметтері,
Көбейе берсін дəйім бала саны.
Тура жолдан таймаған адамдардың.
Жұмақта жанса екен дара шамы.
Бұл тілек қабыл болсын десеңіздер,
Көңілім көк аспаннан əрі асады.
Тостақпен тос айтқанша мұсылманға,
Қол жайып əумин деген жарасады.

ИСМАҒҰЛОВ САБЫРЖАН

ИСМАҒҰЛОВ САБЫРЖАН
ИСМАҒҰЛОВ САБЫРЖАН