Найти тему

Шешендерден үйренейік.

Шешендерден үйренейік.

Жырлайын қане жырла десеңдер мен.
Ел үшін батпақты да кешем белден.
Сыйынып аталарым бір Аллаға,
Сапардан сап-сау аман-есен келген.
Қозғайын бір мəселе осы жерде,
Алсақта тəуелсіздік кеш елдерден.
Ұлт бар ғой шешен деген қызу қанды,
Қорықпас əлемдегі еш елдерден.
Түзу ғой сəлемдері бірін бірі,
Көрседе қанша биік кешендерден.
Қыздарын сөйлестірмей жат еркек пен,
Бос болып қайтады екен кесең берген.
Бір бірін жақын тартып жақыным деп,
Дейді ғой жауды көрсем кесем белден.
Солардай біз намысты болайықшы,
Сырқаттың айыбы жоқ кеш емделген.
Қазағым бауырмал бол тəрбиені,
Ұмытпай əкең менен шешең берген.
Біз ұлтты қалай қорғау керектігін,
Шіркін-ай үйренсек қой шешендерден.

Исмағұлов Сабыржан

Исмағұлов Сабыржан
Исмағұлов Сабыржан