Түркия Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерінің оқу курсын аяқтауы ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде болды. Бірінші рет Түркиядан келген әскери қызметшілер курстық даярлықтан өтті. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Тимур Дандыбаевтың және Түркия Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Уфук Экинджидің қатысуымен өткен салтанатты рәсімде оларға сертификаттар табыс етілді. Түркия Республикасының төтенше және Өкілетті елшісі оқу курсын сапалы ұйымдастырғандарға алғыс айтып, түрік әскери қызметшілерін курс бағдарламасын сәтті аяқтауларымен құттықтады. Аталмыш курстар Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы әскери ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес ұйымдастырылды. Алғашқы бітіру нәтижесін ескере отырып, түріктер тарапы болашақта өз әскери қызметшілерін оқытуды жалғастыруға ниетті екендіктерін білдірді. Қазіргі таңда Ұлттық қорғаныс университеті әскери кадрларды сапалы даярлау үшін
Түрік әскери қызметшілері ҚР әскери университетінде оқудан өтті
3 марта 20203 мар 2020
2
2 мин