Қапшағай қаласындаға әскери бөлімінің бірінде қазақстандық бітімгершілік полкына 20 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Шараға десанттық-шабуылдаушы әскерлерінің басшылары, бітімгерлік миссияның ардагерлері, «Nur Otan» партиясы қалалық филиалының өкілдері, бітімгершілік полктің жеке құрамы мен отбасы мүшелері қатысты. «Бітімгерлер-бұл тек қорғаушылар ғана емес, жасампаздар. Олардың міндеттеріне планетадағы түрлі дағдарысты жағдайларды шешу, бейбітшілікті қолдау және жойқын қақтығыстардан кейін елді қалпына келтіру кіреді», – деді Десанттық-шабуылдаушы әскерінің басшысы генерал-майор Қаныш Әбубәкіров. Полктің тарихы қазақстандық бітімгершілік батальонының құрылғанынан бастау алады. 2003 жылдың тамыз айынан 2008 жылдың қазан айына дейін Қазбаттың инженерлік-саперлік жасағы коалицияның тұрақтандыру күштері құрамында Иракта бітімгершілік миссиясын орындады. Миссия кезінде 9 ротация өткізіліп, ҚР Қарулы Күштерінің 300-ге жуық әскери қызметшісі жұмылдырылды. 2018 жылдан бастап қазақстан