ҚР ҚК Бас штабы тәрбие құрылымдарының офицерлерімен Қарулы Күштерде тәрбие, идеологиялық және психологиялық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелері бойынша жиын өткізді. Жиынға әскер түрлері бас қолбасшыларының, әскер тектері мен өңірлік қолбасшыларының, әскери бөлімдер мен мекемелер командирлерінің орынбасарлары тартылды. Сондай-ақ, «Қарулы Күштер Ардагерлері» РҚБ өкілдері, психология және коммуникация саласындағы мамандар шақырылды. Жиынға қатысушылар командирлердің тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасарларының рөліне, олардың әскерлердегі қызметінің тиімділігін арттыру жөніндегі шараларға қатысты мәселелерді талқылады. Сауатты, кәсіби тәрбиеші-офицерлердің болуы, армияда сапалы тәрбие және идеологиялық жұмыс жасауда, әскери ұжымдарда жайлы моральдық-психологиялық жағдай жасауда маңызды. Олар жеке құраммен жұмыс істеп,әскери қызметшілердің қалай өмір сүріп жатқанын, қандай қиындықтарды бастан кешіретінін, ұжым мен үйде қандай жағдай бар екенін біледі. Тәрбиеші-офицерлермен Қа