ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен ҚР ҚК БШ Ұйымдастыру-жұмылдыру департаментінің бастығы болып полковник Сәкен Жүсіпов тағайындалса, әскери-техникалық саясат департаментін полковник Руслан Олжабаев басқаратын болады. Полковник Сәкен Жүсіпов Киев жоғары инженерлік училищесін, РФ ҚМ Байланыс әскери академиясын, Беларусь Республикасындағы әскери академияны тәмамдаған. Әскери қызмет жолында радиостанция және байланыс торабының бастығы, радиовзвод командирінен бастап штаб бастығы – бөлім командирінің орынбасары лауазымдарын атқарған. Полковник Руслан Олжабаев Воронеж радиоэлектроника әскери институтын және РФ ҚМ Жалпы әскери академиясын тәмамдаған. Әскери қызмет жолында взвод, рота, батальон командирі болып, ҚР ҚК түрлі әскери бөлімдері мен құрылымдық бөлімшелерінің радиоэлектронды қорғаныс бойынша бөлімдерін мен басқармасын басқарған . Қорғаныс министрі жаңа лауазымға тағайындалған басшыларға сеніп тапсырылған құрылымдық бөлімшелерде қызметті сапалы ұйымдастыруды тапсырды. ҚР ҚМ БАСПАСӨ
Қорғаныс министрлігі мен ҚК Бас штабы бөлімшелерінің жаңа басшылары тағайындалды
4 марта 20204 мар 2020
7
1 мин