Әңгімені Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Өтелгенұлы Тұрымовтың тегінен бастағанды жөн санадық. Өйткені «Тақырыпта қате кетіпті» деп, Қайнар Олжай ағамыз сияқты «қағып тастайтын» қырағы оқырмандарымыз аз емес. Сондықтан, мәселенің басын бірден ашып алайық, Маңғыстау облысы әкімдігінің ресми сайтында әкімнің аты-жөні былай жазылған: «Трұмов Серікбай Өтелгенұлы». Құжатта солай ма, әлде сайт әкімшісі қате жазды ма, ол жағы бізге белгісіз. Біз ресми сайтқа сендік. Сондықтан бұдан әрі «Трұмов» деп жазамыз. Қош, негізгі әңгімеге көшейік. Тиімсіз шығындарды қысқарту жөнінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырма беріп, Премьер-министр Асқар Мамин ұсыныс дайындауға бір апта уақыт белгілегенде Nege.kz порталы облыс әкімдерінің бәріне сауал жолдаған. Олардың арасында Маңғыстау облысының әкімі Серікбай Трұмов та бар. 2 ақпан күні Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы С.Сүлейден жауап келді. Жауап деген аты ғана, әріптесіміз Сүлей сүйкей салыпты. Бәлкім, баспасөз қызметіні