Джамал Мәлик есімді бала жастайына ағасы Сәліммен бірге өмірдің қиындығын көріп өседі. Бірде олардың ауылына Мұсылмандарды жек көретіндер шабуылдап мұсылмандарды қырып салады. Осы кезде Латика деген қызбен бірге үшеуі қашып кетеді. Олар бірде қоқыс жанында дем алып жатырғанда қайыршылар ұйымның бастығы Маман оларды асырап алады. Үш бала оларды нағыз жомарт адамдар деп ойлайды. Бірақта олар нағыз жауыз адамдар еді. Себебі олар кішкентай балалардың қол-аяқтарын кесіп аянышты түр келтіртіп көшеде қайыршы қылатын еді. Балаларға қойылған шарт бойынша қаншалықты әнді жақсы айтса, соншалықты ақша көп төлейді деп ойлады. Бірақта олар өлеңді жақсы айтқан сайын Маманның адамдары мүгедек қылатын еді. Аз уақыттың ішінде Сәлім Маманның сеніміне кіреді. Осылайша ол қалай балаларды мүгедек ететінін көзіменен көрді. Бірде кезек Жамалға да келді. Жамал өзінің әнін айтып болғаннан кейін, Маманның адамдары оны мүгедек қылмақ болды. Ары қарай біздің сайттан толықтай фильмін ҚАЗАҚ тілінде көре аласыздар: BosFilm
Қазақ тіліндегі фильмге сілтеме: Лашықтан шыққан миллионер